Бүгін, 12 ақпанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Жаңаөзен әкімі қызметіне өз өтініші бойынша қызметінен кеткен Айбек Қосуақовтың орнына жаңа кандидатураны ұсынды. Жаңа үміткер бұған дейін Жаңаөзен әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Жансейіт Қайнарбаев болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутаттар кандидатураны қолдап, Жансейіт Қайнарбаевты тәжірибелі басшы ретінде білетінін айтты.
Нұрлан Ноғаев Айбек Қосуақовқа атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, қаланың жаңа әкіміне Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.
Жансейіт Қайнарбаевтың екі жоғары білімі бар, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін тау-кен инженері және экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда бастап, 2012 жылға дейін жұмыс істеп, әртүрлі ЖШС-да бригадир, бас механиктің орынбасары, директор қызметтерін атқарған.
2012-2014 жылдары Жаңаөзен қаласы "Тазалық" мемлекеттік кәсіпорнының бөлім бастығы,
2014-2015 жылдары "Коммуналдық қызмет" МКҚК директоры,
2015-2016 жылдары Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы,
2016-2022 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары,
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаңаөзен әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!