- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңаөзендік мұнайшылардың жұмыссыз...
Жаңаөзендік мұнайшылардың жұмыссыз қалуы: бұрынғы 80 қызметкер қайта жұмысқа кірісті
"Бералы Маңғыстау Company" компаниясының 80 бұрынғы қызметкері жұмысқа оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"БерАли Мангистау Company" ЖШС директоры Ерлан Жүзбаев мекеменің бұрынғы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жүздесу барысында мекеме басшылығы алдағы жұмыс жоспарын талқыланып, қызметкерлердің ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдаған.
"БерАли Мангистау Company" ЖШС алдағы дүйсенбіден бастап кен орнында жұмыс бастайды. Серіктестік биыл ақпан айында "ӨзенМұнайГаз" АҚ-дан құны 666 млн теңге болатын ұңғымаларды жою жұмыстарының көлемін ашық тендерде жеңіп алды. Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек болатын. Алайда қызметкерлер арасындағы еңбек дауына байланысты тараптармен келіссөздер жүргізіліп, ұңғымаларды жою жұмыстарына 15 мамырдан бастап серіктестіктің бұрынғы қызметкерлері жұмылдырылатын болды", - деп жазылған компания таратқан мәліметте.
Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы уақытта жұмысшылармен ортақ келісімде жұмыс атқаратындықтарына сенім білдірген.
Еске салайық, 10 сәуірде Астанаға 60-70-ке жуық жұмысшы келіп, Энергетика министрлігі ғимарат маңында пикетке шыға бастаған болатын. Жиналғандар өздерін "Өзенмұнайгаз" штатына ("ҚазМұнайГаз"еншілес компаниясы) жұмысқа орналастыруды талап еткен. ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінше, олар - тендерден ұтылған, "Өзенмұнайгаз" үшін мұнай сервис қызметтерін орындайтын "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.
Артынша жаңаөзендік мұнайшылардың жұмыссыз қалуына қатысты арнайы комиссия жұмысын бастаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина