Жаңаөзендік түлектер мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай мұғалімдеріне үш бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Lada.kz" сілтеме жасап.
№10 Жаңаөзен жалпы білім беретін мектебінің 2004 жылғы түлектері "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірлесіп физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Түлектер пәтердің кілтін мұғалімге 25 мамырда соңғы қоңырауда табыстады. Гүлнара Қарақойшиева қуаныштан көз жасын тыя алмай, шәкірттеріне алғыс білдірді. Қайырымдылық қорының демеушілері мен өкілдері де өз сыйлықтарын ұсынды.
Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам Жаңаөзен жастарының білім алуына өз үлесін қосып жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауыл шаруашылығы мамандықтарына қанша грант бөлінді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!