Жаңаөзенде былтыр тамызда жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасоваға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Lider.kz еріктілерінің айтуынша, әйел 1-шағынауданда тұрған. Ол 2025 жылы 5 тамызда сағат кешкі 19:00 шамасында үйінен шығып кеткен, содан бері қайда екені белгісіз.
Жоғалған адамның белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа.

Дина Жарылғасова жоғалған күні ақ таңбалары бар қара көйлек және өрнекті ұзын қызыл жилет киген.
Оның туыстары мен еріктілер әйелді көрген-білгендерден немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар жандардан өздеріне хабарласуды сұрайды.
Мәліметті мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауға болады: +7 (700) 911-72-92 немесе 102.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова