Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен тұрғыны мен екі полицейдің арасындағы жанжалдың видеосы тарап жатыр. Видео авторының айтуынша, құқық қорғау органы қызметкерлері қызметтік міндетін орындау кезінде дөрекі әрекет етіп, шақыруға жеке көлігімен келген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде "жаңаөзендік дөрекі әйел полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзушыларды жеке "Камри" көлігі арқылы ұстап, өздерін видеоға түсіруге тыйым салды" делінген видео тарап кетті.
Кадрларда полиция қызметкерлері көлік жүргізушісімен сөйлескенін көруге болады. Осы кезде оларды қала тұрғыны видеоға түсіріп алған. Видео авторы полиция қызметкерлері жеке көлікпен келгенін және өздерін камераға түсіруге рұқсат бермей, құқықбұзушыға хаттама рәсімдегенін айтты.
Маңғыстау Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бұл видео Жаңаөзенде 18 мамырда сағат 17:30 шамасында түсірілді. Ювеналды полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік хаттама толтырды. Бұл жайтты жедел басқару орталығы тіркеді, содан кейін жақын маңдағы экипаж сол жерге жіберілді. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде осы құқықбұзушылыққа ешқандай қатысы жоқ жолаушы қызметкерлерді видеоға түсіре бастаған", - деді полиция.
Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері құқық қорғау органдары қызметкерлері оқиға орнына жеке көлікпен емес, жаяу барғанын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз