Жаңаөзенде оқушы қыз құрдасын ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған

Жаңаөзенде оқушы қыз құрдасын ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған
Фото: depositphotos.com

Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапқаны үшін құрбысын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алды. Жәбірленушінің анасы видеоны көріп, полицияға арыз жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының іс материалдарына сәйкес 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, одан подъезге шығуын өтінген. "Неге маған жала жауып жатырсың?" деп, оны ұрып-соғып, оқиғаның барысын видеоға түсіріп алған.

Зардап шеккен қыз полицияға арызданған.

Бұл іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды.

"Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған (ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеудегі міндеттерді орындамағаны үшін құқықбұзушының ата-анасына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады сот.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан