Маңғыстауда "мұнайға былғанған" құс видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде "мұнайға былғанған" құстың видеосы тарады. Жазбада құс Жаңаөзендегі мұнай кен орындарының бірінде түсірілгені айтылады. Кадрда жұмысшы құсты шүберекпен тазартып жатқаны көрінеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, ECOJER қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов видеоны көріп, құстың үлкен көлбұқа немесе сары құтанға ұқсайтынын айтқан.
"Құс мазутқа немесе мұнайға қатты былғанғандықтан нақты түрін анықтау қиын", – деді ол.
Жауапты органдар бұл жайтқа қатысты әзірге пікір білдірмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!