Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті
Фото: lada.kz

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған.

ТЖМ мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.

Өртсөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

"Көлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деді құтқарушылар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда кәуәпхана түгі қалмай өртеніп кеткені хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова