Жаңаөзенде полиция мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы дерегін анықтады.
Операция ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы бөлімшесі жауынгерлерінің бірлесуімен жүргізілді.
Жаңаөзен қаласының Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке база аумағында полицейлер ер адамды ұстады. Нысан аумағында жүргізілген тінту барысында мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің шығуы және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!