- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңаөзенде қант ерекше...
Жаңаөзенде қант ерекше акциямен сатылып жатыр
Желіде ақтаулық Азамат Сәрсенбаев есімді блогер Жаңаөзендегі дүкендердің бірінде қантқа байланысты акция жүргізіліп жатқанын жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Тағы да Жаңаөзен. Қант тек кем дегенде 2000 теңгеге зат сатып алғандарға сатылады. Білгенін істеді-ау мыналар…" - делінген жазбада.
Бұл жағдайға қатысты Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі пікір білдірген.
Ж. Қадыржанова"Рахат ауылы, Мерей шағынауданында орналасқан Азамат супермаркетінің иесі жеке кәсіпкер, Отынбаев Қуаныш жаңадан ашылған супермаркетке тұтынушыларды тарту мақсатында көтерме бағада 1 келісін 680 теңгеден алған қантты тұрғындарға 1 келісін 500 теңгеден сатып, акция ұйымдастырған. Акцияның ережесі бойынша әр тұтынушы 2000 теңгеден жоғары сауда жасау қажет. Әлеуметтік желіде тараған видео негізінде супермаркетке барып, кәсіпкерге тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның тиісті тармағы түсіндірілгеннен кейін, кәсіпкер акцияны тоқтатты. Тұтынушы шақыру үшін Каспий ӘКК тауарлары ұсынылды", - деді ол.