Жаңаөзенде бір отбасы жылқының жолға шығып кетуінен жантүршігерлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жол оқиғасы түнде Рахат-4 шағын ауданында болған. Оқиға кезінде көліктің ішінде бір отбасы: ер адам, оның әйелі және үш айлық баласы болған. Зардап шеккендер полицейлерден жануардың иесін тауып, жауапқа тартуды сұрайды.
Әйелдің айтуынша, олар баяу қозғалып келе жатқанда, алдарынан бір жылқы кенеттен жолға шығып кеткен. Көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Соққының күшті болғаны сонша, жануардың ішкі мүшелері түсіп қалған.
"Баланың миы шайқалған, сынған және басынан қан кеткен. Жүргізушінің маңдайы жыртылған, мұрны сынған. Әйелі қабағын жарақаттап алып, енді бір көзін аша алмайды", - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысының полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.
"Барлық мән-жай анықталып жатыр, сонымен қатар полицейлер малдың иесін анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!