Жаңаөзенде аттестат сатқан мектеп директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының сотына сілтеме жасап.
Жаңаөзендегі қалалық сотта кешкі мектептің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық іс қаралған. Іс 366-баптың 2-бөлігі бойынша қаралды.
Сотта директор орта білім туралы аттестат бергені үшін 70 000 теңге пара алған.
"Сот айыпталушының бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындағанын ескерді. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген. Сот үкімімен сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 100 000 теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, өйткені сот іс жүргізу келісімін бекітті. Үкім заңды күшіне енді", - делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!