Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады

Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Видео кадры

Жаңаөзенде ер адам әуелі тамағын кесіп, содан кейін төртінші қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға бүгін сағат 17:30 шамасында "Самал" шағынауданындағы 28-үйде болған.

Желіде тараған ақпарат бойынша тұрғын әйелімен жанжалдасып қалған соң екінші қабаттағы балконда тұрып, тамағын кескен.

Содан соң үйдің төртінші қабатынан секірген, салдарынан екі аяғы сынып, ауыр жағдайда Жаңаөзен көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Қазір ота жасалып жатыр.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен тұрғын құмар ойын ойнаған", - делінген хабарламада.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан