Желіде Жаңаөзен мен Ақтаудан фото, видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеоларға қарағанда, Жаңаөзенде жұрт әлі қала орталығында жүр.
Ал блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы Ынтымақ алаңынан фотолар жариялады.
"Дәл қазіргі сәт, Ақтау қаласы, Ынтымақ алаңы, жағдай әзірше тыныш", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты "Қазмұнайгаз" түсінік берді.
Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.
Ал бүгін Астанада министрлік алдында жиналған жұмысшыларды арнайы жасақ ұстап әкетті. Полиция Астанаға өз талаптарымен барған жаңаөзендік жұмысшыларды Энергетика министрлігі ғимаратының маңында ұстап әкетуге қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!