- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жаңажылдық кeшке көйлек...
"Жаңажылдық кeшке көйлек таппасаңыз..." Мәдина Сәдуақасованың таңғалдырған образдары
Жаңа жылға көйлек таңдап үлгермесеңіз, тіпті мерекелік кешке қандай образда баратыныңызды білмесеңіз, танымал әншілердің стиліне назар аударғаныңыз жөн. Әдетте, Мәдина Сәдуақасова Желіде түрлі образбен оқырмандарын үнемі таңғалдырып отырады. Massaget.kz тілшісі өнер иесінің биылғы сәнді киімдеріне шолу жасады.
Өзіңізге сенімді болғыңыз келсе...
Психологтардың айтуынша, жылан терісіне ұқсас матадан тігілген киім адамға сенімділік береді. Мұндай образбен жаңажылдық кешке баруға қорықпаңыз, сіз сөзсіз назарда боласыз. Мұндай принттегі киімдер ұзақ уақыт актуал болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нәзік болып көрінгіңіз келсе...
Жаңажылдық кешке романтикалық стильде барғыңыз келсе, мына көйлекке назар аударыңыз. Бұл көйлек маржан мен асыл тастармен қапталғандықтан, естен кетпейтіні сөзсіз. Бұған қоса, байқасаңыз, көйлек биылғы сән үлгісі бойынша тігілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарапайым костюмдерден шаршасаңыз...
Қарапайым костюмдерден шаршасаңыз, осындай ерекше костюм киіп көріңіз. Биыл топ пен костюм кию сәнге айналды. Оның үстіне, костюмнің түсі де, жылтыры да жаңажылдық атмосфераны беріп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақ көйлек кигіңіз келсе...
Жаңа жылға ақ көйлек киген жақсы, бірақ жаныңыздағылар сізді қалыңдықпен шатастырып алмасын. Мына көйлектің баскасы (киім пішіні - еск.) сіздің фигураңызды көрсетіп тұрады, оған қоса, көйлектің жамылғысы бар екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жылтырақ пен қауырсын ұнатсаңыз...
Жылтырақтар, қауырсын және балық пішінді көйлек әрбір әйелді көзтартар сұлуға айналдырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тағы да жылтырақтар
Коко Шанель айтуынша, қара мен алтын түсті матадан тігілген көйлектер сәннен ешқашан шықпайды. Мұндай түстер жаңажылдық кешке ерекше аура сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Заманауи Ақшақар боламын десеңіз...
Мерекелік кеште актуал көйлек киіп, барлығының назарын өзіңізге аударғыңыз келсе, Ақшақар болып барыңыз. Мынадай көйлектің жылтыр әшекейлері оған "Қар ханшайымы" образын беріп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ерекше белбеу таққыңыз келсе...
Бәріне ұқсамас үшін ерекше әшекей таққаныңыз дұрыс. Әшекей болмаса, мынадай белбеу тақсаңыз болады. Көйлектің жылтыр түсі, білезіктер мен алқа "Қазақ ханшайымы" образына ұқсатады. Ал белбеу оюмен өрнектелген, заманауи стильде жасалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек