Жаңа жыл жақындаған сайын үйлерде әрленген шырша саны көбейеді. Бірі үйіне табиғи шырша қойса, басқасы жасанды шырша орнатады. Ал жасанды шыршаның адам денсаулығына тигізер зияны бар екенін білесіз бе?
Жасанды шырша денсаулыққа сапасы төмен материалдардан жасалған жағдайда қауіпті болуы мүмкін. Мысалы, өндіріс кезінде улы бояу қолданылып, формальдегидпен өңделсе. Сонымен қатар, жасанды шыршаны өндіру процесінде ПВХ үшін хлор мен материалға икемділік беру үшін фталат сияқты улы компоненттер қолданылады.
Хлор қызған кезде хлорсутек (тұз қышқылы) және фосген бөледі. Бұл тыныс алу жолдарын, теріні және көзді тітіркендіреді, сондай-ақ тыныс алу жолдарының ауыр ауруларына шалдықтыруы мүмкін.
Ал фталат қызса, стирол мен диоксин бөледі. Бұл заттар тыныс алу жолдарын, теріні және көзді тітіркендіреді, сонымен қатар бауыр, бүйрек және жүйке жүйесіне теріс әсер етеді.
Фталат - бұл пластикалық бұйым, бояу материалдары өндірісінде жиі қолданылатын химиялық қосылыс. Олар адам ағзасына ауа арқылы еніп, тіндерде жиналуы мүмкін, бұл көптеген ауруды, соның ішінде қатерлі ісік ауруының дамуына әкеп соқтыруы ықтимал.
Бұдан бөлек, жасанды шыршаның құрамы мен жиналған шаң-тозаңның кесірінен ол көбінесе аллергия мен астма ұстамаларын тудырады.
Сонымен қатар, жасанды шыршаның құрамында әртүрлі арзан пластик, металл, жасанды бояғыштар мен желім секілді материалдар қолданылады. Бұл заттар да аллергиясы бар адамдарға бірден әсер етеді.
Ең маңыздысы, жасанды шырша балаларға, әсіресе жаңа туған нәрестелердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Себебі, шыршадан ұсақ бөлшектер түсіп, баланың аузын не мұрнын жауып қалса, бала тұншығып, ауыр жарақат алуы мүмкін. Ал шыршаның өткір, қатты элементтері үйде ойнап жүрген баланың денесін тіліп кету қаупі бар.
Жасанды шырша сатып аларда неге мән беру керек?
Шыршаның жағымсыз иісі мен бояу іздері болмағаны дұрыс. Дәл осы белгілер өнімнің сапасы төмен екенін көрсетеді. Оған қоса, қоршаған ортаға зиян зат сатып алмау үшін өнімнің таңбаланғанына да назар аудару керек.
Жасанды шыршаны кем дегенде 10 жыл пайдалансаңыз да, өндірілген пластиктың толық ыдырап, жойылуына 100 жылдан астам уақыт қажет. Осы себеппен жыл сайын табиғи шырша сатып алудың зияны, 10 жыл бойы жасанды шыршаны қолдануға қарағанда аз болады.
Экологтар сондықтан табиғи шырша - экология үшін қауіпсіз, тиімді дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Жаңа жылдық шыршаны қалай таңдау керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бананды жуу керек пе?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!