- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұйқы режимі
Жаңажылдық демалыстан кейін режимді қалай қалпына келтіруге болады?
Жаңажылдық төрт демалыс күндерінен кейін жұмысқа оралу қиын. Терапевт Юлия Валеева режимді қалай қалпына келтіруге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mail-ға сілтеме жасап.
Жаңа жыл мерекесіне орай елімізде бірнеше күн қатарынан демалыс беріледі. Бұл күндерді көптеген адам асыға күтеді. Өйткені олар ұйқысын қандырады, демалады, қыдырады, достары немесе жақындарымен уақыт өткізеді, қалаған уақытында ұйықтап, оянады.
Алайда бірнеше күнде ағза босаңсып, демалу режиміне ауысады, содан кейін көптеген адамға жұмыс арнасына оралу қиынға соғады. Өкінішке қарай, демалыс жылдам аяқталады.
Режимді оңай қалпына келтіру үшін не істеу керек?
- Жұмысқа немесе мектепке барудан бірнеше күн бұрын ерте ұйықтай бастаңыз. Тым болмаса, түнгі 00:00 дейін ұйықтап, таңғы 10:00-ге дейін оянуды әдетке айналдырыңыз.
- Күндіз ашық ауада серуендеп, ұйқыңызды күшейтіңіз.
- Ұйқы гигиенасын сақтаңыз - ұйықтамас бұрын гаджеттерді қолданбаңыз.
- Ауыр, майлы тағамдар мен алкогольді шектеңіз. Мерекенің соңғы күндерінде қарапайым ауыз су мен минералды суға, табиғи шырындарға, жеміс сусындарына артықшылық беріңіз.
Жұмыс режиміне қайта оралғанға дейін екі күн ішінде қарапайым ережелерді сақтау жұмысқа оңай оралуға көмектеседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә