“Жаңажылдық дастарқан басындағы кикілжің“. Психолог кеңес берді

Жаңа жылда тұрмыстық, ерлі-зайыпты арасында, отбасылық кикілжің көп болады. Бұл туралы психолог Дамиан Синайский айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.

"Адамдар неліктен ұрысатынының себебін анықтайық. Адамдар асығып жүріп, жылдың жылдам өтіп кеткенін байқамай қалады. Жақындардың бір-біріне уақыты болмайды. Содан кейін жаңажылдық мерекелер - демалыс келеді. Көп бос уақыт пайда болады. Адамның ішінде осы жылы орындалмаған жоспар-мақсаттарға қатысты жағымсыз сезім болады. Жыл бойы шаршағансыз, өзіңізге және өміріңізге қанағаттанбау жақын адамдарға бұрыннан келе жатқан реніштерді қоздырады", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бұған балалардың Жаңа жылдан күтетін сиқыры мен аяз атасы да қуанышты сезімдері қосылады.

Еске салайық, нутрициолог жаңажылдық салаттарды қанша уақыт сақтауға болатынын айтқаны хабарланған болатын. 

Мейрамда адамдар дастарқан жайып, өзінің ұнататын тағамдарын әзірлейді. Кейбір адамдар арнайы мерекелік дастарқанға дайындалған тағамдарды қоқысқа тастауға қимай, бірнеше күн бойы тоңазытқышта сақтап, тұтынуды жалғастыра береді. Алайда мұның өз ауыр салдары бар.

Жаңа жылдан кейін тағамды дұрыс сақтамай, уланып қалатын жайттар да көп тіркеліп жатады. Негізінен салатты дайындағаннан кейін оны қорықпай жей беру үшін тоңазытқышта +2-ден +6 градусқа дейінгі температурада сақтау керек: 

  • шикі көкөніс немесе жемістерден дайындалған салаттардың жарамдылық мерзімі 18 сағатқа дейін, ал тұздықпен араласқан болса, 12 сағат;
  • сиыр не жылқы, құс, ысталған ет қосылған салаттар - 18 сағатқа дейін, тұздықпен араласқан болса, 12 сағат;
  • пісірілген көкөністен жасалған салаттар мен винегреттер - 18 сағатқа дейін, тұздықпен араласқан болса, 12 сағат;
  • консервіленген көкөніс немесе қайнатылған жұмыртқа қосылған салаттар - тек 6 сағат жарамды;
  • тұздықпен араластырылмаған, теңіз өнімдері қосылған салаттар - 12 сағатқа дейін;
  • маринадталған, тұздалған көкөністерден жасалған салаттар - 36 сағатқа дейін жарамды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!