Бизнесмен, жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода жаңадан сайланған дерпутат журналистердің сұрақтарына жауап бермей, ғимаратқа асығып кіріп бара жатқаны көрінеді.
Бұл видеоға қатысты Берденов Instagram-парақшасында жауап берді.
"Көбі Желідегі видеоны жіберіп жатыр. Жиналысқа ең соңғы мен келдім. Жиналыс басталмай жатып маған партияластарым хабарласып, "100 адам сені күтіп отырмыз" деген соң, көйлек киюге де уақыт таппай, жүгіріп кіріп бара жатсам, алдымнан журналистер шығып, сұрақ қоя бастады. Мен "шыққан соң жауап беремін" дедім. Сол видео тарап кеткен. Жиналыстан кейін барлық сұраққа жауап бердім. Журналистермен жұмыс - депутаттар өмірінің бір бөлігі ", - деп жауап берді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!