Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот жалғасып жатыр. 30 наурызда сотқа танымал блогер Дархан Жолшыбеков келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр. Отырыс барысында одан, сондай-ақ, басқа да куәгерлерден жауап алу жоспарланған.
Айта кетейік, 18 наурызда сот блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Нұрбек Нұртазаға қатысты мәжбүрлеп келтіру туралы қаулы шығарды.
Еске салайық, 16 наурызда Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот басталды. Олар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ, қылмыстық жолмен келген ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру бойынша айыпталып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!