Жанәбіловтер сотқа келді

Жанәбіловтер сотқа келді
Фото: Tengrinews.kz

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыпты сотқа адвокаттарымен бірге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот отырысы Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр. Танымал блогерлерге ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік", 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылған.

Сот залында блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтінішхат білдірді, алайда прокурорлар бұған қарсылық танытты. Сот қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот тыңдауы кезінде БАҚ өкілдері түсіруіне қарсы.

Айта кетейік, блогерлер заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget