Былтыр қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес 51 қазақстандық отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты уақытша үйінен шығарылған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы Ақмарал Серікбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, құқықбұзушыларға әлеуметтік мекемелерде өз әрекеттері туралы ойлануға мүмкіндік берілген.
"Былтыр қабылданған түзетулерге сәйкес 51 құқықбұзушы уақытша тұрғын үйден шығарылды. Оларға әлеуметтік мекемелерде өз әрекеттері туралы ойлануға мүмкіндік берілді. 48 тәртіпбұзушыға қатысты сот шешімімен денсаулық сақтау мекемелерінде мінез-құлқын мәжбүрлеп түзету шарасы қарастырылған. Олар полицияның қатаң бақылауында", – деді Серікбаева ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, 2023 жылғы қазанда Қазақстанда отбасындағы тирандарды тұрғын үйден шығару жоспарланып жатқаны хабарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова