Жаңа купюра келесі жылдың екінші тоқсанында, яғни сәуірде салым қолданысқа енгізілмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, кемі екі жыл жаңа дизайндағы ақша ескі үлгісімен қатар айналымда болады. Себебі банкноттарды еліміздің барлық өңіріне жеткізіп, банкоматтар мен терминалдарды жабдықтауға қосымша уақыт қажет.
"Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап, 2027 жылғы 27 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең аяқталған соң, яғни 27 жылғы 25 желтоқсаннан бастап барлық банк пен "Қазпошта" ескі үлгідегі бакноттарды үш жыл ішінде, яғни 2030 жылғы 24 желтоқсанға дейін жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға мүмкіндік бар", - деді ҚҰБ қолма-қол ақша айналысы департаментінің бас маманы Әмина Жолмырза.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!