Жаңа туған сәбиін әуежайдағы әжетханаға тастап кетпек болған әйел ұсталды

Жаңа туған сәбиін әуежайдағы әжетханаға тастап кетпек болған әйел ұсталды
Фото: irgpc.ru

Анталия халықаралық әуежайының әжетханасында жаңа туған сәбиін тастап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдік басылымның хабарлауынша, дәретханада жатқан сәбиді Анталия халықаралық әуежайының тазалаушысы тауып алған. Бала тірі болып шықты.

Бақылау камералары арқылы нәрестенің анасы анықталды. Ол Мәскеуге ұшуға тіркелу үшін кезекте тұрған Ресей азаматы екен.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлеріне сәбиді әйелдер әжетханасынан тапқан соң 12 минуттан кейін анасының қайда екенін анықтаған. 

Әйелдің әжетханада босанып, Ресейге ұшып кетуге асыққаны анықталды. Қазір ол бірге ұшып кетпек болған досымен бірге қамауға алынды. Босанған әйелмен бірге болған тағы бір ресейлік азамат та тергеліп жатыр.

Басылымның мәліметінше, баланың жағдайы жақсы. Оны дәрігерлер тексеріп, жергілікті ауруханаға жатқызды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева