- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа туған сәби...
Жаңа туған сәби өзінің кіндік қанымен онкологиямен ауыратын адамды құтқарып қалды
Қатерлі ісікке шалдыққан 42 жастағы британдық Нилуш Апонсоны кішкентай Луна есімді сәби құтқарды. Оған сәбидің кіндік қанындағы дің жасушалар себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Иттерге күтім жасайтын орталықтың иесі қан қатерлі ісігінің агрессивті түрі - жедел миелоидты лейкозға шалдықты. Ол химиотерапия курсын өтті және ем көмектесті деп үміттенді. Бірақ 3 айдан кейін ауру қайта оралды. Онкологиялық аурудың бұл түріне консервативті ем көмектеспейтіні анықталды. Сол кезде дәрігерлер оған донорлық дің жасушаларын ауысып отырғызуды ұсынды. Себебі бұл жасушалар оның сүйек майына түсіп, сау жасушалар бөле алады.
Daily Mail
"Мен ауруханада 8 ай жаттым, химиотерапияның 3 курсын өттім және дәрінің түр-түрін ішіп көрдім. Бірақ оның ешбіреуі көмектеспеді. Сондықтан дәрігерлер тек ауыстырып орналастыру ғана қалғанын айтты", - дейді Нилуш.
Бірақ дәрігерлер шешім тапқанның өзінде тағы бір проблема болды: генетикалық топ бойынша жақын донордың дің жасушалары қажет, ал Нилуш Шри-Ланкада дүниеге келген. Сондықтан Ұлыбританияда сәйкес адамды табу оңай емес. Еуропалықтарға сәйкес сүйек майы донорын табу мүмкіндігі 72% болса, этникалық өкілдер үшін бұл көрсеткіш 37%-ды құрайды.
rd1.medgis.ru
Нәтижесінде, Нилушқа кіндік қанының жасушаларын ауыстырып орналастыру ұсынылды. Бұл жасушалар "икемдірек" және тасушыға қарай бейімделе алады. Сәбидің дің жасушалары әртүрлі жасуша типтеріне өзгере алады және оны әртүрлі қатерлі ісік түрлерін, генетикалық бұзылыстарды және иммундық тапшылықты емдеуге қолдануға болады.
"Кіндік қандағы дің жасушалары "аңқаулау", олар науқаста ауру тудыруы мүмкін қоршаған орта немесе патогендер әсеріне шалдықпаған", - деп түсіндірді дәрігер Роджер Хортон.
Бұл әдістің жалғыз кемшілігі - донор қанының өте аз болуы. Кіндікке 70 мл-ден 300 мл-ге дейін ғана қан сыяды және одан артық алу мүмкін емес.
Daily Mail
Осылайша, дің жасушаларын ауыстырып орналастырумен айналысатын компания 2022 жылдың қазан айында дүниеге келген Луна есімді сәбидің жолдасынан (плацента) және кіндігінен үлгілер алды. Оның ата-анасы 34 жастағы Синь Тонг пен 29 жастағы Юстас Будрайтис қыздарының кіндік қанын Нилуштің еміне беруді шешеді. Болашақ ана жүктілік кезінде ауруханада УДЗ түсіп жатқанда сүйек майына донор болуға шақыратын плакатты көріп, қызығушылық білдірген. Ол босанғаннан кейін қызы басқа адамның өмірін құтқара алатынын білген кезде еш күмәнсіз шешім қабылдаған.
А. Жапатова