Павлодар облысында жаңа туған егіз сәби шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Оларды Шарбақты ауылынан Павлодарға Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазавиақұтқару авиациясы тікұшақпен тасымалдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арнайы әуе борты арқылы жүзеге асырылған тасымалдау сәбилерге жедел медициналық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Ұшу кезінде кішкентай науқастарды санавиация дәрігерлерінің бригадасы бақылап, қажет медициналық сүйемелдеумен қамтамасыз етті.
Мамандардың мәліметінше, ұшу сәтті өткен.
Өткен түні дүниеге келген егіз Павлодар қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді. Қазір олар мамандардың тұрақты бақылауында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!