- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа цифрлық медиа...
Жаңа цифрлық медиа мен креативті индустрияны дамытуды көздеп отырмыз - Дархан Қыдырәлі
Астанада өтіп жатқан Qazaq Forum отандық контент жасаушылар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жаңа медианың дамуына серпін беретін жиын өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Әлемдегі соңғы үрдістерді ескере отырып, жаңа цифрлық медиа мен креативті индустрияны дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандыруды көздеп отырмыз”, - деді министр.
Министр Meta, TikTok, Google, Mail.Ru Group, LinkedIn, Netflix компанияларымен келіссөз жүргізіп, тығыз қарым-қатынас орнатылғанын айтты.
Келіссөздер нәтижесінде Мета компаниясының Instagram, WhatsАpp, Facebook, Messenger-дің Қазақстан бойынша ресми өкілдері айқындалды. Сондай-ақ TikTok корпорациясының аймақтық офисі ашылды. Facebook пен TikTok-тің интерфейсін қазақшалау бойынша келісімдер жасалған.
А. Жапатова“TikTok компаниясымен 13 жасқа толмаған балалардың платформаны пайдалануын және зиянды мазмұнды контенттерді бірлесіп анықтайтын боламыз. Мұның бәрі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді”, - деді Дархан Қыдырәлі.