Жаңа тренд: түрлі-түсті кеш пен ЛГТБ-ның қандай байланысы бар?

Жаңа тренд: түрлі-түсті кеш пен ЛГТБ-ның қандай байланысы бар?
Фото: Видеодан алынған кадр

TikTok-та түстерге байланысты жаңа трендтің пайда болғанына бірнеше уақыт өтті. Онда бір топ адам алдын ала келісіп, бір түсті таңдап, соған сәйкес тағам әкеледі, кейбірі тіпті сондай түсті киім киеді. Алайда кейбір Желі қолданушысының ойынша, ол ЛГБТ-ны насихаттау үшін пайда болған. Massaget.kz тілшісі бұл трендтің ЛГБТ-ға қатысын анықтап көрді.

Бүгінде мұндай кеш тек достар арасында емес, сонымен қатар, отбасы, ұстаздар мен балабақша арасында да танымалдыққа ие. TikTok-та бұл тренд "цветная вечеринка" хештегімен жүр. Жалпы қаралым - 11 миллион. Ал шетелде color party хэштегін қолданады. Онда видеолар 95 миллион қаралым жинаған. 

@_shym_style_ #тренд2022 #цветнаявечеринка #неотстаем #достарментренд #отбасылыктренд #поцветам ♬ оригинальный звук - Женская одежда Шымкент

Ал ЛГБТ - лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлер үшін шыққан аббревиатура. Бұл - гомосексуализмді қолдайтын әлеуметтік қозғалыс үшін қолданылатын ұғым.

Бұған байланысты этнолог Тұрар Сәттарқызы Facebook-парақшасында ойын бөлісті. Оның айтуынша, бұл мәселе оны көптен бері толғандырып жүр. 

"Цветная вечеринка" (түрлі-түсті кеш - еск.) салтыңда бар ма еді?! Аға буынның міндеті - өскелең ұрпақ бойында қазақылық иммунитет қалыптастыру. Әлеужелі, TikTok дегеніңде ақыл айтар атасы мен апасынан бастап, бала-шағасына дейін жеңіл әрі тез "танымал болу" жолына түсіп, "әлеужелінің жұлдызы" болуға кірісіп кетіпті. Біздің еліктегеніміз соншалықты бүгінде сырттан келген "гендер патиді", "хэллоуинді" мерекелеп жүргеніміз аздай, енді "цветная вечеринка" дегенге жаппай көшіппіз. Мұның "жұқпалы вирус" сияқты тез тарағаны соншалықты, тіпті TikTok, әлеуметтік желіде қазекем үлкені-кішісімен қоса, бүтін отбасымен кірісіп кетіпті. Бір қызығы, мұның бәрі қаланы қойып, енді ауылға да жетіпті. Қазақтың "қаймағы бұзылмаған", салт-дәстүрі сақталған бір ауылдан жақында танысым хабарласып, "Тұрар апай, гендер пати, цветной вечеринка ауылға да келді. Келінінің аяғы ауырлап үйінде "гендер пати" жасап жатса, қайын атасы ешнәрсе түсінбей дал болып отыр. Ал цветной вечеринка кең етек алды" дейді. Өзегіңді өртейтіні, қаймағы бұзылмаған қазақылық сақталған ауылдың өзінде де кішісін қойып, ақыл айтар үлкендер де кірісіп кетіпті", - дейді ол.

Этнологтың айтуынша, бұл ойын үшін көбіне кемпірқосақтағы түстер таңдалады. Ал ондағы түстер ЛГБТ - символы. 

"Ең сорақысы, "Цветная вечеринканы" балабақша, мектептерде де мерекелеуге рұқсат беретін мектеп әкімшіліктері бар екен. Қарап отырсам, "Цветная вечеринканың" түсі көбіне ашық түсті, кемпірқосақтың түсіне келіп жатады. Ал ол - ЛГБТ туы. Бұл шеттен әдейі ЛГБТ (лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар мен трансгендерлер) жарнамалауға, жастардың көзін де, өзін де үйретуге келген дүние сияқты көрінеді. Ал гендер деген сөз әлеуметтік жыныс дегенді білдіреді. Сөз астарын ұғынғанға бұл - кеселді дерт. Ал біздің қазекең оны ұқпай, жаппай тойлап, ұрпағының көзін тұздай құртуға кіріскен сияқты. Сол баяғыда аяғы ауыр келіншегінің шермиген қарнын сипап суретке түссе, мынауыңның есі дұрыс емес дер еді. Бүгінде ерлеріміз ез боп бара ма, гендер патиде жылап, әйелінің қарнын сипап суретке түсіп жатқан жігіттерге қарап, не деріңді білмейді екенсің, тіпті", - дейді маман.

Этнолог жаһанданған жаңа трендтердің қазақи баламасы барын еске салды. 

"Ал бүгінгі кейбір қазақ өз шаңырағында, өз ұясында "цветной вечеринка", "гендер пати" сияқты өзгенің қаңсығын дәріптеп, өз қазақтығын менсінбей, өз қағынан өзі жеріп, ұлттық құндылығын өгейсініп, өз ұрпағын аластырып, ұлт тамырынан балта шауып, ұрпағын дүбара етіп тәрбиелеп жатыр. Қазақылықты тек қазақ ғана сақтап қала алатынын ұмытпайық! Өзімізде де керемет салт-дәстүрлер жетерлік! Гендер патидің орнына "Құрсақ шашу" бар, цветной вечеринканың орнына "Бастаңғы" бар. Қазақы салт-дәстүр жайлы білемін десеңіздер, Зейнеп Ахметова апамыздың "Күретамырын" оқыңыздар", - дейді ол.

Алайда америкалық басылымдар мәліметінше, Желі қолданушыларына бұл трендті түсіруге "Достар" телесериалы мен әнші Тэйлор Свифт әсер еткен. Кейбірі мұндай кештің астары жоқ, жай достармен көңілді уақыт өткізу түрі дейді. 

Америкалық БАҚ өкілдерінің айтуынша, ЛГБТ өкілдері керісінше "гендер кешін" өткізуге екіойлы қарайды. Себебі олар болашақ сәбидің жынысын анықтау үшін тек екі түсті таңдау дұрыс емес деген қағиданы алға тартады. 

@indirasabirova_

♬ оригинальный звук - Женская одежда Шымкент

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек