Желіде шашты коламен жуатын бьюти-лайфхак тарады. Алайда бұл лайфхакты қолданбаған жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mixnews-ке сілтеме жасап.
Шаш тегіс және жалтыр көріну үшін әйелдер әдетте кондиционер, маска, спрей секілді түрлі күтім құралдарын пайдаланады. Олардың көмектесуі немесе көмектеспеуі әр адамның шаш типіне, зақымдалу деңгейіне және күтім құралдарын пайдалану жүйелілігіне байланысты.
Жақында интернетте жаңа тренд пайда болды: шашты коламен шаю. Бұл идеяны алғаш рет топ-модель Суки Уотерхаус айтты. Содан кейін бұл идеяны Желі қолданушылары да қолданып көре бастады. Ол үшін олар коланы ыдысқа құйып, оған шашын салып, 5-10 минут күтеді. Содан соң шашын таза сумен шайып алады.
Алайда колада кофеин, қант, газдалған су, бояғыштар және ортофосфорлық қышқыл бар. Құрамын ескере отырып, бұл процедураның еш пайдасы жоқ деуге болады. Колада қышқыл орта бар және ол сілті (сусабын) әсерін бейтараптайды: шаштағы қабыршақтарды жабады, сондықтан шаш жұмсақ болып көрінеді.
Десе де, коланың орнына шашқа арналған бальзам қолданған жөн. Олардың барлығы бірдей - "қышқыл". Сондай-ақ шашты лимон қышқылы немесе алма сірке суы қосылған суға шаюға болады. Бұлар табиғи өнімдер.
Шаш ұштанбас үшін және әдемі көріну үшін оны ылғалдандыру керек. Оған табиғи өнімдерден жасалған үй маскалары көмектесе алады. Оларды қалай жасау керегін мына жерден оқыңыз.