Жаңа төтенше жағдайлар министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа министр туралы не белгілі?
Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2002 жылдан бері азаматтық қорғау жүйесінде еңбек етіп келеді.
2006 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2020 жылы Ресей ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты ретінде бастаған. Кейін нормативтік-техникалық бөлімнің бас маманынан бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына дейінгі қызмет жолынан өтті.
2006-2010 жылдар аралығында мемлекеттік өрт бақылау саласында түрлі лауазымды қызмет атқарды. 2010 жылы мемлекеттік өрт бақылау бөлімін, 2016 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасын басқарды.
2017 жылдан бастап Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары, ал 2020 жылы департамент басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы маусымнан бастап - Төтенше жағдайлар министрлігі аппараты басшысы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова