Соңғы бірнеше жылда қосалқы құрылғылардың өндірісі жылдам дамып келеді. Әлемнің әртүрлі елдерінде смарт-сағаттар, фитнес-трекерлер, «ақылды» көзілдіріктер және тағы басқа смарт-өнімдер таныстырылуда. Солардың бірі ерекше мүмкіндікке ие инновациялық Cicret білезігі болып табылады.
Аталған смарт-гаджеттің көмегімен тұтынушылар смартфон экранын қолына шығара алады. Нақтырақ айтсақ, смартфонның дисплейі сымсыз ақпарат алмасу технологиясының көмегімен кеңістікте (тачскрин) пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, смартфонның орнын баса алады.
Жоба авторларының айтуынша, пико-проектор мен бірнеше тетіктер арқылы бұл идеяны жүзеге асыруға болады. Қазіргі кезде париждік стартапшылар Cicret смарт-білезігін дамытып келеді. Ал оның жаппай өндіріске енуі оған салынатын инвестицияның көлеміне байланысты болмақ. Француздар әзірге қажет соманың 14%-ын ғана жинай алған.
Cicret білезігінің жасалу идеясы қарапайым. Смарт-девайсқа қондырылған мини-проектордың көмегімен тұтынушының қолында смартфонның экранын шығаруға болады. Ал қосымша тетіктер саусақтардың бағыттарын бақылап отырады.
Гаджет құрастырушыларының айтуынша, бұл білезік иесінің электронды поштаға келіп түскен хаттамаларды жылдам оқуына, түрлі ойын ойнауына, хабарламаларға жауап беру мен ауа райын тексеруіне мүмкіндік береді.
Cicret білезігіне алдын ала тапсырыс беру 475 АҚШ долларын құрайды.
Сурет: скриншот
Ұқсас жазбалар:
Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды (Видео)
TAG Heuer классикалық сағаты «смарт» үлгіге ауысады
Қарапайым секіргіш смарт құрылымға ие болды
Apple смарт-қалам шығаруға патент алды