Жаңа салық кодексінде зейнетақыны көтеру көзделген. Бұл туралы вице-премьер - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вице-премьер - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, зейнетақы аударымдары бойынша жеке табыс салығын алып тастап, соның есебінен зейнетақы мөлшерін көтеру жоспарланған.
"Тағы бір ұсынып отырған мәселе - зейнетақы аударымдары бойынша жеке табыс салығын алып тастау. Жеке табыс салығының көлемі 10 пайыз. Сол 10 пайызды біз алып тастаудың есебінен зейнеткердің алатын зейнетақысының мөлшері осы 10 пайызға көтерілетін болады", - деді вице-премьер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!