- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа оқу жылының...
Жаңа оқу жылының санитарлық талаптары
Биыл Қазақстан мектептері дәстүрлі білім беруге өтпек. Оқушылардың барлығы мектепке барып оқиды. Басты талап – санитарлық талаптарды ұстану. 1 қыркүйек – Білім күні де мектепте өтпек.
Ендеше Білім және ғылым министрлігі мен елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай мектепте қандай тәртіп сақталуы тиіс – соған тоқталайық.
Ең алдымен мектепке тек денсаулығы түзу, аурудан аман оқушылар ғана келеді. Егер коронавирус белгілері байқалған оқушылар сыныппен түгел қашықтан оқуға көшеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып науқаспен байланыста болған оқушылар болған жағдайда оларға синхронды қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастары бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде асинхронды қашықтан оқыту форматы ұсынылады.
Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.
Негізгі талаптар келесідей:
- оқушылар күнде термометриден өтеді
- маска режімі сақталады
- уақыт сайын кабинетте кварцтеу жүргізіледі, желдетіліп, басқа да дезинфекциялау жұмыстары жасалады
- бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеледі
- бастауыш және жоғарғы сыныптарды араластырмау үшін уақыт сайын үзіліс беріледі,
- оқушылар ауысып оқиды
- педагогтар мен мектептердегі басқа да қызметкерлердің 100% вакцина алуы (медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мұғалімдерді қоспағанда),
- бір кабинетте бір сынып қана отырады.
Қ. Слямбек