Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келіп, "1001 түн" бағдарламасында сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы неге әлі табылмай жатыр деген сұраққа жауап берді.
"Желтоқсанда 1 аптаның ішінде Жәнібекті емізіп, ақ сүтін берген ананы таптық. Бұл жерде аса бір қырағылық таныту керек. Жәнібектің болжалды анасына ұқсайтын тағы бір әйелді таптық. Оның ДНҚ-сы сәйкес келмеді. Жәнібек туған жеріне барды, көп кісімен кездесті. Аналар оны құшақ жая қарсы алды. Полицияда салғырттық бабымен іс қозғалып, ол қайта қысқартылды. Бұдан басқа, 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды".
Жәнібектің айтуынша, оның өмірі желтоқсаннан бері түбегейлі өзгерген. Сондай-ақ, ол жаңалығын айтты.
"Бірінші жаңалық - Қазақстанға келу, екінші жаңалық - шетелге асырап алынған басқа да қазақ балаларына көмектесу. Жаңа міндетім пайда болды", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!