- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа министр Саясат...
Жаңа министр Саясат Нұрбектің депутаттық өкілеті тоқтады
Мәжіліс отырысында депутат Саясат Нұрбектің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланды, - деп хабарлайды "Массагет".
"ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 919 Жарлығына сәйкес, парламент мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек министр болып тағайындалды. Осыған байланысты ҚР ОСК мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ҚР Конституциясының 52-бабына сәйкес "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 3,8-тармағына ұсыныс енгізеді", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов әріптесіне жаңа жұмысына табыс тілеп, Мәжіліс атынан алғыс хат табыс етті.
"Саясат Нұрбек министр болып тағайындалды. Қазіргі уақытта бұл министрлікке Мемлекет басшысы үлкен міндеттер жүктеді. Әріптесіңізге осы жұмыста табыс тілейміз. Тіпті Парламент қабырғасында да аз уақыт ішінде заң шығару қызметіне қомақты үлес қосты", - деді Қошанов.
Еске салайық, Білім және ғылым министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігіне бөлінгеннен кейін ғылым және жоғары білім министрі болып бұрынғы депутат Саясат Нұрбек тағайындалды.
G. Dosymshalova