- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа министр Сәтқалиев...
Жаңа министр Сәтқалиев жаңаөзендік жұмысшылармен неге жеке келіссөз жүргізбегенін түсіндірді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет кулуары аясында журналистер министрден кеше кешке Астанадағы Энергетика министрлігі ғимараты маңына жиналған жаңаөзендік жұмысшылармен неге жеке келіссөзге шықпағанын сұрады.
Министр ереуілшілердің талаптары кеше шашыраңқы болғанын айтты.
"Өзенмұнайгаз" АҚ компаниясына жұмысқа орналасу туралы айтылды. Олармен диалог ұйымдастырылды, яғни Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, Энергетика министрлігі департаменттерінің директорлары болды. Олар диалогқа түспеді, бірақ олар бақылап, адамдармен сөйлесіп, талаптарын білді. Біз ресми ұстаным дайындап жатырмыз, егер қабылданған шаралар туралы айтатын болсақ, "Өзенмұнайгаз" АҚ өкілдеріне, "ҚазМұнайГаз" басшылығына, біздің министрліктің омбудсменіне, өкілдерімізге бұл ұстанымды түсіндіру жөнінде тапсырма бердім", - деп жауап берді Сәтқалиев журналистердің сұрағына.
Министр бүгін митингіге қатысушылардың талаптары айқындалғанын мәлімдеді.
"Әңгіме "Өзенмұнайгаз" компаниясы өткізген тендердің күшін жою туралы болып отыр. Басқа жеке компаниядан тендерден ұтылған жеке мұнай сервисі компаниясының қызметкерлері келгенін, тендерді "Өзенмұнайгаз" компаниясының еншілес компаниясы өткізгенін түсіну қажет. Әрине, бұл мәселе құқықтық салада шешілуі керек. Соған қарамастан, "Самұрық-Қазына" маған хабарлауы бойынша тендер рәсімдерінің дұрыстығына талдау жүргізіліп, тендер қолданыстағы ережелерге сәйкес өткізілді деген қорытынды берілді. Яғни, компания заңды түрде жеңіске жетті, сондай-ақ, төмен бағамен", - деп түсіндірді Сәтқалиев.
Министр жергілікті жерлерде әкімдіктің қатысуымен алдын ала келіссөздер ұйымдастырылғанын айтты.
"Диалог жүріп жатыр, жұмысшылардың өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр және барлығына жаңа компанияға жалақыларынан кем емес жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды. Қомақты жалақы бар, дегенмен қызметкерлер бұл ұсыныстан бас тартып, Энергетика министрлігінің ғимаратында пикетке шығуға шешім қабылдады. Сөйлесеміз, министрдің орынбасарлары, тікелей шешім қабылдайтын жауапты адамдар, соның ішінде жұмысшылардың құқықтарын қорғауға жауапты омбудсмен осы келіссөздерге қатысады", - деп қорытындылады Сәтқалиев.
Еске салайық, кеше Жаңаөзеннен Астанаға 60-70-ке жуық жұмысшы келіп, Энергетика министрлігі ғимарат маңында пикетке шыға бастады. Жиналғандар өздерін "Өзенмұнайгаз" штатына ("ҚазМұнайГаз"еншілес компаниясы) жұмысқа орналастыруды талап еткен. ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінше, олар - тендерден ұтылған, "Өзенмұнайгаз" үшін мұнай сервис қызметтерін орындайтын "БерАли Мангистау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова