- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа министр Мәдиев...
Жаңа министр Мәдиев президентпен кездесті
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаслан Мәдиев:
Ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады:
- мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан;
- реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған;
- жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді;
- отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.
Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина