Жаңа мамандықтар атласын енді тегін көріп, танысуға болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұрындық болған жоба туралы Саясат Нұрбек айтып берді.
"Жаңа мамандықтар атласын құруға өнеркәсіп одақтарынан, салалық қауымдастықтардан, профильді министрліктерден 2 мыңға жуық сарапшы қатысты. Жоба контенті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарыққа шықты. Қандай да бір саланы, трендті, базалық дағдыларды таңдауға мүмкіндік бар", - дейді BTS Digital білім жобаларының жетекшісі.
Оның айтуынша, атластан саланы таңдап, 463 мамандықты шолып шығуға болады. Мұнда оқушылар, абитуриенттер белгілі бір мамандық бойынша нақты кеңес алады. Жоба халыққа тегін қолжетімді болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жаңа мамандықтар атласын біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу мақсатында былтыр қолға алып, бастаған еді.
"Жаңа мамандықтар атласы" деген не?
Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы – сарапшы мамандардың пікірі бойынша, алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие болатын және жаңадан пайда болатын мамандықтар жинағы.
Атлас материалдарының негізінде технологиялық Форсайт бойынша болашақты бағдарлау әдістемесі жатыр. Технологиялық Форсайт озық технология мен инновациялардың дамуы барысында қандай еңбек дағдылары сұранысқа ие болатынын анықтауға көмектеседі.
5-10 жылдан кейін қандай мамандықтар өзекті болатынын анықтағанда жаңа мамандықтар атласында 9 сала бойынша 463 мамандық анықталып. Оған 52 жетекші сарапшы мен 2000-нан аса салалық сарапшылар атсалысты.
Болашақта сұранысқа ие болмайтын мамандықтар жоғалу алдындағы мамандықтар деп аталады, ал жоғалмайтын бірақ өзгеріске ұшырайтындары трансформацияланған мамандықтар деп аталады.
Сұранысқа ие маман болу үшін жоғалу алдындағы емес, болашақта потенциалы бар мамандықтарды таңдау керек.
Жаңа мамандықтар атласында мамандықтардың 3 тобының сипаттамасын көруге болады:
1. Жаңа мамандықтар – әзірге ресми түрде жоқ, бірақ келешекте пайда болу ықтималдығы жоғары мамандықтар.
2. Трансформацияланатын мамандықтар – қазір бар, бірақ келешекте өзгеріске түсуі мүмкін мамандықтар.
3. Жоғалатын мамандықтар – бұл болашақта сұранысқа ие болмауы мүмкін мамандықтар.
Атласта белгілі бір салаға, тұтас экономикаға әжептәуір әсер ететін алты негізгі тренд тізілген:
1. Робот пен ақылды жүйелерді енгізу
2. Цифровизация мен үлкен деректердің қолданылу аясын кеңейту
3. Табиғи шикізат қорының сарқылуы
4. Экологиялық нормалардың күшеюі мен рециклингтің дамуы
5. Y, Z ұрпағында жаңа еңбек талаптарының пайда болуы
6. Халықтың тұтынушы қабілеті мен таңдауының өзгеруі.
Барлық мамандықтың болашақтағы дағдыларды қалыптастыратын өз құзыреттері бар. Атласта көрсетілген негізгі құзыреттер мынадай:
1. Жүйелі ойлау
2. Салааралық коммуникация дағдысы
3. Экологиялық ойлау қабілеті
4. Үнемді өндіріс
5. Процестер мен жобаларды басқару қабілеті
6. Тұтынушыға ыңғайлану
7. Программалау/Робототехника/Жасанды интеллект
8. Шығармашылық
9. Көптілділік мен мультимәдениет.
Болашақта мамандықтар қалай өзгереді?⠀
Мұны Жаңа мамандықтар атласы былай түсіндіреді: "Қабілет, саланың мазмұны және қажетті дағдылар өзгерген кезде мамандықтар өзгермелі деп аталады. Негізінен, олар автоматика мен ақпараттық технологияның әсерінен өзгереді. Бүгінгі таңда мұғалімдер электронды күнделіктер жүргізеді, робототехниканы медицина саласына, яғни хирургияға енгізеді, ал инженерлік мамандық компьютерлік жүйелерді енгізумен қауіпсіз бола бастады.
⠀
Сондай-ақ, егер бұрын архитекторлар жобаларды қолмен сызып жасайтын болса, бүгінде оларға AutoCAD, ArchiCAD және басқа компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын игеру ғана болғаны. Тағы бір мысал - жол басын басқару операторы. Енді комбайндарды джойстиктердің көмегімен қашықтықтан басқаруға болады, ал қажетті дағдылар: қолдың моторикасы, жетілген реакция және жылдамдық".
Ал роботтар алмастыратын мамандықтарға мыналарды жатқызған:
1. Шығармашылық сала (әншілер, бишілер, жазушылар және т.б.) — бұл өз шеберліктерін, таланттарын, шығармашылық және креативін қолданатын адамдар. Жасанды интеллект, плагиатты сканерлеу және мазмұнды анықтауға көмектесетін көптеген бағдарламалар бар, бірақ дарындылық пен шығармашылықты қайталау мүмкін емес.
⠀
2. Адвокаттар — пікірталасқа негізделген кәсіп. Басқа адаммен ой алмасатын және белгілі бір тақырыпты талқылай алатын робот әзірге жоқ. Сот жүйесі нақты деректерді өңдеу үшін роботтардың көмегін жүгіне алса, бірақ роботтар ешқашан сол деректерді айту арқылы алқабилерді немесе судьяны адам сияқты сендіре алмайды.
⠀
3. Психиатрлар — роботтар адам ақыл-ойын терең түсіне алмайды, сондықтан робот-психиатрды құру мүмкін емес.
4. Мұғалімдер — олар шамадан тыс уақыт жұмыс істейді және аз жалақы алады, бірақ соған қоса олар бәрінің қолынан келе бермейтін маңызды міндеттерді орындайды, яғни жастарға білім береді. Мұғалімдер жұмысын ешқашан, ешнәрсе орын баспайды.
5. IT мамандар — жасанды интеллектке арналған нақты идеяларға негізделген инновациялық және пайдалы қосымшалар, бағдарламалық жасақтама және веб-сайттар құру қиын. Бұл салада қосымшаларды жасау үшін сізге маманның шеберлігі, құмарлығы мен шығармашылық қабілеті қажет.