Жаңа мәжіліс депутаты ант берді

Жаңа мәжіліс депутаты ант берді

Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Нұрсұлтан Байтілесов ант берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Сондай-ақ депутат Мәжілістің Экономикалық заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды. Ол – AMANAT партиясының мүшесі.

Айта кетейік, 33 жастағы Нұрсұлтан Байтілесов Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Астана, Атырау, Павлодар облыстарының соттарында қызмет етті. Әскери соттың әкімшісінің басшысы, Шымкент қаласындағы соттар әкімшісі болды.

2020-2023 жылдар аралығында Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы ақпаннан бастап Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған.

Еске салайық, биыл 6 ақпанда президенттің Жарлығымен мәжіліс депутаты Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалған еді. Оның депутаттық өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz