- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа қызметке тағайындалған...
Жаңа қызметке тағайындалған Дәурен Абаевқа Президент тапсырма берді
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.
Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.
Еске салайық, 3 шілдеде Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина