- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңа қызмет пайда...
Жаңа қызмет пайда болды: қаржы пирамидасы белгілері бар-жоғын бір-ақ сәтте анықтаңыз
Енді қазақстандықтар бір-ақ сәтте компанияларда қаржы пирамидасының белгілерінің бар-жоғын тексере алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі.
Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті.
Сонымен қатар, ведомство өкілдері компания қаржы пирамидасына қатысы барына күдіктенсеңіз оны БСН арқылы тексеруге болатынын атап өтті. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен артық сұрау жіберу мүмкін емес.
2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина