Ғалымдар жаңа құрылғы ойлап тапты. 12 жыл бойы жүре алмай қалған адамның басы мен омыртқасына арнайы имплантаттар орнатылды. Енді ол қайтадан жүре алады.
40 жастағы Герт-Джан Оскам 12 жыл бұрын Қытайда мотоциклмен апатқа ұшыраған. Содан бері ол мүгедектер арбасына таңылған. Оның денесі белден төмен сал болып қалған. Лозанна университетінің швейцариялық ғалымдарының өнертабысы Оскамға қайтадан аяғынан тұруға мүмкіндік берді.
"Цифрлық көпір"
Швейцариялықтар жарақат салдарынан үзілген орталық жүйке жүйесінің екі аймағы арасындағы байланысты қалпына келтіретін бас миы мен жұлын арасын жалғайтын "цифрлық көпір" деп аталатын интерфейсті әзірледі. Сал ауруына шалдыққан науқастың жүруге деген ынтасын физикалық қозғалыстармен байланыстыратын бұл құрылғы Nature басылымында жарияланған мақалада сипатталған.
Оскамның миы мен жұлынына арнайы имплантанттар салынды. Басындағылар адамның қозғалу ниетін қадағалайды, содан кейін оларды процессорға жібереді. Құрылғы ер адамның арқасына киетін кішкентай рюкзакқа ұқсайды. Әрі қарай, ниеттер яғни адамның ойын процессор екінші бұлшықетті ынталандыру имплантаты арқылы қайтаратын командаларға аударады.
nature.com
"Алғашында бұл мен үшін фантастика болды, бірақ қазір бұл шындық", - дейді Оскам имплантын орнатқан нейробиолог Джоселин Блох.
"Мен қайтадан жаяу жүруді армандадым және бұл мүмкін екеніне сендім. Мен бұрын көп нәрсені сынап көрдім, енді арманым орындалды", - дейді Оскам журналистерге қалай аяғына тұрып, қалай жүргенін көрсеткенде.
Әзірге ер адам 100 метрдей жерді тоқтаусыз жүре алады, тіпті бірнеше минут көмексіз және қолдаусыз тұра алады.
"Енді мен қалағанымды істей аламын. Қадам жасауды шешкенде, құрылғы бірден жұмыс істейді", - деді ол.
Бұл жаңалық емдеудегі жаңа дәуір басталғанын көрсетеді
Оскам "цифрлық көпір" эксперименттерінің бірінші қатысушысы болды. Бірақ зерттеушілер олардың өнертабысы ми мен жұлын арасындағы жоғалған неврологиялық байланыстарды қалпына келтіруді қажет ететін науқастарға көмектеседі деп үміттенеді. Швейцариялық зерттеушілер тіпті мидан жұлынға белгі жіберетін құрылғының көлемін кішірейтпекші.
"Ми мен жұлын арасындағы цифрлық көпір тұжырымдамасы неврологиялық бұзылулардан туындаған қозғалысты емдеуде жаңа дәуірді ашады", - деп жазады зерттеушілер.