Мәжіліс депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева құжат депутаттардың бастамасымен әзірленгенін жеткізді.
Заң жобасы мыналарды көздейді:
Сонымен қатар, заң жобасы бірнеше заңға өзгерістер енгізуді көздейді.
"Бұл Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қатысты: Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеу. Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы биыл 12 қарашада алынды.
Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет балама ұстаным ұсынды. Бірақ мұнымен депутаттар келіспей отыр", - деді депутат Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.
Депутаттар заң жобасын қарауға алды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!