Жаңа Конституциясында азаматтыққа қатысты нормалар нақтыланады

Жаңа Конституциясында азаматтыққа қатысты нормалар нақтыланады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның жаңа Конституциясында азаматтыққа қатысты нормалар нақтыланады. Бұл туралы Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрмұхановтың айтуынша, елдің негізгі заңына қос азаматтыққа қатысты ережелерді нақтылайтын түзету енгізу ұсынылған.

"Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматына қос немесе көп азаматтыққа ие болуға жол берілмейді. Басқа мемлекеттің азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын заңнамада көзделген тәртіппен және жағдайларда тоқтатуға негіз болады", – деп түсіндірді Нұрмұханов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget