Жаңа Конституция: референдум қашан өтетіні белгілі болды

Жаңа Конституция: референдум қашан өтетіні белгілі болды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. 

2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.   

3. Осы жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ, референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажет шаралар қабылдасын.

6. Осы жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget