Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты. Премьер-министр барлық деңгейдегі министрлік пен әкімдікке жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жалған әрі бұрмаланған ақпаратпен күресуге баса назар аударылды.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын, арандату сипатындағы жазбалар тіркеліп жатыр. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес жалған мәліметті таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жұмысты үйлестіру премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!