Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты лауазымды тұлға тағайындалуға тиіс. Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, өтпелі кезең Конституция күшіне енген сәттен басталады.
"Барлық өтпелі ереже 94, 95 және 96-баптарда жазылған. Ертеңнен бастап екі ай ішінде алты лауазымды тұлға тағайындалуы керек. Сонымен қатар, Құрылтай сайлауы науқаны басталуы мүмкін", - деді Сәрсембаев.
Министрдің сөзінше, жаңа Конституцияның 95-бабына сәйкес құжат күшіне енген күннен бастап (яғни 21 шілдеден бастап) екі ай ішінде мына тұлғалар тағайындалуға тиіс:
Әділет министрінің айтуынша, сайлаудан кейін Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
"Биыл қыркүйекте Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тапсыруға тиіс. Осыдан кейін Құрылтайдың келісімімен Конституцияда қарастырылған басқа да лауазымды тұлғалар тағайындалады", - деді министр.
Ол вице-президент келесі кезеңде, яғни қыркүйекте тағайындалатынын нақтылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз