Жаңа Конституция: Журналистер мен блогерлерге сөз еркіндігіне қатысты норма түсіндірілді

Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысы барысында премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен блогерлерге жаңа Конституция жобасы азаматтардың ар-намысы, қадір-қасиеті және жеке өмірін қорғаумен қатар сөз еркіндігін қалай кепілдендіретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаеваның айтуынша, ұсынылып отырған нормалар сөз еркіндігін шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірдің қол сұғылмауын қорғауға бағытталған.

"Көпшілік адам сөз еркіндігіне айрықша мән береді. Азаматтар Конституциядағы тұжырымдар түсінікті болып, екіұшты түсіндіруге жол бермегенін күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығын кепілдендіреді. Бұл қағида халықаралық құқықпен де үйлеседі", - деді Балаева.

Министр түзетулер ешбір жағдайда сөз бостандығын шектемейтінін, тек азаматтарды қорғайтынын атап өтті.

"Мен медиақауымдастықтың үндеулерімен мұқият оқып шықтым. Мәдениет және ақпарат министрі, сондай-ақ, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі ретінде бұл түзетулер ешбір жағдайда сөз бостандығын шектеуге бағытталмаған. Олар әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірдің қол сұғылмауын қорғауға арналған", - деді ол.

Республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының журналисі әрі жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы бұл ұстанымды қолдады.

"Жобада сөз бостандығына және ғылыми-техникалық дамуға қатысты нормалар бекітілген. Еркін ойсыз ел өркендей алмайды, ашықтық пен жаңғырусыз алға жылжу мүмкін емес. Негізгі мақсат - жауапкершілікті күшейту және арандатушылық әрекеттердің алдын алу. Ақпаратты еркін алу және тарату құқығы бекітіледі, бұл - прогреске ұмтылған кемел қоғамның белгісі", - деді ол.

Оның айтуынша, ақпаратқа қолжетімділік қоғамдағы сенімді нығайтып, азаматтардың санасын оятады, ал бұл нормаларды заң жүзінде бекіту баспасөздің дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз