Жаңа Конституция жобасы: қазақстандықтар қандай жағдайда азаматтықтан айырылуы мүмкін?

Жаңа Конституция жобасы: қазақстандықтар қандай жағдайда азаматтықтан айырылуы мүмкін?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жарияланған Конституция жобасында Қазақстан азаматтығына қатысты өзгерістер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, "азаматтықтан айыру тек сот шешімімен, терроризм қылмыстарын жасағаны үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін ғана жол беріледі".

Бұл норма Негізгі заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген.

Осы баптың 3-тармағына сәйкес, "Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды".

Қолданыстағы Конституция / akorda.kz сайтынан скриншот

Не ұсынылды?

Жаңа Конституция жобасында азаматтық мәселесі 12-бапқа енгізілген. Алғашқы екі тармақ қолданыстағы Конституциядағы мәтінмен бірдей, ал 3-тармақты мынадай редакцияда беру ұсынылады:

"Қазақстан Республикасының азаматы қосарланған немесе көп азаматтыққа ие бола алмайды. Өзге азаматтықтың болуы - Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз".

Яғни жоба мәтінінде қосарланған және көп азаматтыққа тыйым нақты бекітіліп, басқа азаматтықтың бар болуының өзі Қазақстан азаматтығын тоқтатуға ресми негіз ретінде айқындалған.

Жаңа Конституция жобасы

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget