1 шілдеде Үкімет отырысында жаңа көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ант берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 маусымда Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болып тағайындалды.
"Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін. Барлық іс-әрекетімде заң мен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстанамын. Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант беремін", - деді жаңа министр Нұрлан Сауранбаев.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің жаңа мүшесіне табыс тіледі.
Еске салайық, биыл 8 маусымда Марат Қарабаев көлік министрі қызметінен босатылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз